Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, 67 отбасы «Модерн» және «Латифа» тұрғын үй кешендерінен жаңа пәтер берілген.
ERNUR.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау қаласында 70 отбасы жаңа қонысқа көшті. Олар осы кезге дейін апатты деп танылған үйде тұрған, деп жазады inform.kz.
Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, 67 отбасы «Модерн» және «Латифа» тұрғын үй кешендерінен жаңа пәтер берілген.
– Биыл жыл басынан бері Атырау қаласында 350-ден астам жаңа пәтер берілді. Оған апатты үйлерді паналап келген, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен кезекте тұрған тұрғындар қоныстанды. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жемісі. Тұрғындарды жаңа баспанамен қамту бағытындағы жұмыс алдағы жылда да жалғасын табады, - дейді Шәкір Кейкин.
Сондай-ақ Атырау қаласының маңындағы Дамбы және Аспа ауылдарынан бірнеше отбасы жаңа қонысқа көшірілді. Оларға Зарослый ауылындағы жаңадан салынған жеке үйлер берілген.
Аспа ауылынан жаңа қонысқа көшкен тұрғынның бірі – Дәрмия Шыңғалиева.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда электр желілерін жаңғырту қалай жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.