Атыраудағы балабақша директоры балаларға дұрыс тамақ бермегені үшін айыппұл төлейді

0
1 128

Жалпы саны 22 адам кәсіпкерді жауапқа тартуды талап етіп сотқа жүгінген.


Атыраудағы балабақша директоры балаларға дұрыс тамақ бермегені үшін айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. Ақтауда сот балаларды дұрыс тамақтандырмаған «Айналайын» жекеменшік балабақшасының директорын жауапқа тартты, деп жазады ҚазАқпарат.

Балабақша тәрбиеленушілерінің ата-анасы - жалпы 22 адам кәсіпкерді жауапқа тартуды талап етіп сотқа жүгінген. Ақтау қалалық №2 соты істі тексеріп шыққан соң, олардың талабын ішінара қанағаттандырды. Соттың үкімімен кәсіпкер әр баланың ата-анасына моральдық залалдың орнын толтыру үшін 10 446 теңгеден айыппұл төлейтін болды.

Ата-аналардың шағымдануына қарағанда, балабақшада дұрыс тамақтанбағандықтан, балалардың қарны тоймай, жиі ауыра бастаған.

«Ата-аналар бұлтартпас нақты дәлелдер келтірген жоқ. Әкімдіктен тексеріс жүргізілмеген, прокуратура немесе санэпидемстанциядан растама алынған жоқ. Ата-аналардың айтуынша, балабақшада соңғы аптада аспаз алмасқан соң балалардың қарны тоймайтын болған. Біз осы дәлелді ескердік», - деп мәлімдеді Ақтау №2 сотының судьясы Ақсая Еңсебаева.

фото: lada.kz

Ата-аналардың айтуынша, балабақша жабылып қалғандықтан тексеріс жүргізілмеген.