Атыраудағы балабақшада баланы тепкен тәрбиеші жұмыстан кетті (видео)

0
1 394

Қалалық білім бөлімі тәрбиешінің әрекеті үшін кешірім сұрайды.


Атыраудағы балабақшада баланы тепкен тәрбиеші жұмыстан кетті (видео)

ERNUR.KZ. Атырауда тілінде кемістігі бар балаларға арналған мамандандырылған балабақшада бүлдіршінге қол көтерген тәрбиеші жұмысынан қуылды, деп жазады Stan.kz.

Желіде тәрбиешінің бүлдіршінге қол көтерген видеосы тараған. Желі қолданушылары жергілікті биліктен тәрбиешіге қатысты шара қолдануды талап етті.

Артынша жазбаға қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі назар аударып, жауап берді.

«Қалалық білім бөлімі тәрбиешінің әрекеті үшін кешірім сұрайды. Сонымен қатар ол балаларға арналған мекемеде педагогикалық әдепті бұзғаны үшін, 18 маусымда шыққан №25 бұйрық бойынша қызметінен босатылды. Қалалық білім бөлімі Атыраудағы мектепке дейінгі мекемелердің басшылары мен педагогтарына қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен әрі адал атқару керектігін еске салады. Мұндай бұзушылықтар үшін, қызметкерлер, сонымен қатар мекеменің бірінші басқарушылары жауапқа тартылып, қызметінен босатуға дейін жетеді», - делінеді әкімдіктің хабарламасында.