Бар қожайынына 4,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, 1 қарашаның түнінде қаладағы «Бармаглот» барында 150-ге жуық адам Хэллоуин тойлаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Жұмыс уақыты түнгі сағат 22:00-де аяқталуы тиіс ойын-сауық мекемеcі одан кейінгі уақытта да жұмысын жалғастырған. Көпшілігі жеке қорғаныс құралдарынсыз және арақашықтықты сақтамаған. Келушілер көңіл көтеріп, билеген. Бар әкімшілігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзды», - делінген хабарламада.
Барға жиналған адамдарды тарқатып, нысан жұмысын тоқтатуға полиция араласқан.
«Тәртіп сақшылары жиналған материал мен жасалған хаттаманы бізге жібереді, соның негізінде процессуалдық шешім қабылдаймыз. Бар иесіне 230-дан 1600 АЕК (4,4 млн теңгеге дейін – ред.) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін», - деп хабарлайды.