Атыраудағы пойыз апаты: Зардап шеккен 3 машинист ауыр жарақат алған

0
206

Жарақат алғандардың жағдайы қандай?


Атыраудағы пойыз апаты: Зардап шеккен 3 машинист ауыр жарақат алған

ERNUR.KZ. Атырау маңындағы Теңдік сатансасындағы пойыз апатынан 3 машинист зардап шекті. Олар ауыр жарақат алған, деп жазады inbusiness.kz.




Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 машинист облыстық ауруханаға жеткізілген.

“Бүгін Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш азамат ауыр жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккен азаматтар дәрігерлердің толық бақылауына алынды. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайлы тұрақты ауыр деп бағалады. Жарақат алған азаматтардың сауығып шығуы үшін барлық қажетті шара қабылданды”, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.