Атыраулық полиция тас жолдарда жүргізушілерді дронмен аңдуға кірісті

0
446

​Жол ережесін бұзған жүргізушілер дронның көмегімен анықталып, жауапқа тартылады.


Атыраулық полиция тас жолдарда жүргізушілерді дронмен аңдуға кірісті

ERNUR.KZ. Атырау облысының полиция департаменті тас жолдардағы апатты азайту мақсатында дрондарды пайдалана бастады, деп жазады sputnik.kz.

Өңірлік полиция департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері тас жолдарда жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Оның басты себебі – жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы және басып озу ережелерін бұзуы.
"Осыған байланысты полиция департаменті басшылығының күнделікті қадағалауымен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар тас жолдарда басып озуға тыйым салынған жерлерде қарсы бетке шығатын автокөліктерді заманауи дронмен анықтап, тиісті шара қолданып, әкімшілік жауапқа тартып жатыр",- деп мәлімдеді полиция департаменті.
Осыған орай облыстық полиция жүргізушілерге жол белгілеріне мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрады.