Ер адам мен келіншек бір ай бұрын танысқан.
иллюстрациялық фото
Атырауда жергілікті тұрғын үш баланың анасын балтамен ұрып, содан кейін оның үйінде өзіне қол салды. Ер адам мен келіншек бір ай бұрын танысқан екен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Нәзік жанды ұнатып қалған азамат оның қыр соңынан қалмай, өзімен бірге тұруды талап ектен. Бірақ келіншек бұған үзілді-кесілді қарсы болыпты. Мұндай жауапты күтпеген жігіт 6 сәуір күні ұрып-соғып, алты күннен соң ұрлап әкетіп, баспанасында зорлаған. Қаскөйдің ұрда жық әрекеттері 20 сәуірге дейін жалғасып, соңы қайғылы аяқталды. Әйел қазір ауруханада жатыр.
"Ашық бас-ми жарақаты, бас сүйектерінің сынуы, мидың ауыр дәрежелі соғылу диагнозы қойылып, қазіргі кезде нейрохирургия бөлімінде ем алу үстінде. Операция қажет етпейді. Емі консервативті түрде өткізіледі. Қазіргі кезде есін біледі" - дейді Облыстық нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі, Еркін Ербөлеков.
"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК "Денсаулыққа қасқана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне қатысты да тергеу, сотқа дейінгі ҚК 321 бабы, "Салғырттық" бойынша жүргізілуде" - дейді Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы, Гүлназира Мұхтарова.