​Ауа райы болжамы: Оңтүстікте үш градусқа дейін күн суытады

0
1 960

Метеорологиялық орталықтың қызметкерлері қазан айының соңғы күндерінде ауа райы қандай болатынын хабарлады.


​Ауа райы болжамы: Оңтүстікте үш градусқа дейін күн суытады

ERNUR.KZ. Метеорологиялық орталықтың қызметкерлері қазан айының соңғы күндерінде ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп жазады NUR.KZ.

Бүгін және ертең астаналықтарды минутына 15-20 метрге дейін жылдамдықпен соғатын жел күтеді. Сондай-ақ, бас қалада көктайғақ болу қаупі бар.

Ал Ақмола облысында жаңбырлы және қарлы ауа райы болады. Синоптиктер бұл уақытта жерде мұз қабаты пайда болатынын айтып, тұрғындарға абай болуды ескертеді.

Соңғы үш күнде Жамбыл облысында ауа райы суық болып, түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін, ал Таразда 1-3 градусқа дейін суытады.

Одан бөлек, еліміздің көп өңірлерінде жауын-шашын күтіледі. Ал оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыс пен оңтүстікте ауа-райы құрғақ болмақ.