Ауыл мұғалімі 2000 мың теңгеге Алматы қаласынан зәулім үй ұтып алды

0
600

Блогердің айтуынша, жеңімпаз болған адам билетті үш айға бөліп төлеуге алған.


Ауыл мұғалімі 2000 мың теңгеге Алматы қаласынан зәулім үй ұтып алды

ERNUR.KZ. Отандық блогер Аида Серікова ұтысқа тіккен құны 80 миллион теңгелік үйді ауыл мұғалімі жеңіп алды, деп жазады stan.kz.

Блогердің айтуынша, жеңімпаз болған адам билетті үш айға бөліп төлеуге алған.

“Ер адамның жылағанын көріп, көз жасымды ұстай алмадым. Алматыдағы 80 миллион теңге тұратын үй ауылда география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін Айдос мырза мен жұбайына бұйырды. Ойлаңыздаршы, курсты, 2000 теңгеге үш айға бөліп алған. Сонымен Алматыға несие алуға барған. Алайда банк несие бермеген. Енді, міне, Аллам кредит бермесе де, 100 000 000 теңгелік үйді бұйырды. Эмоциясын айта алмаймын. Үйіңіз тағы да құтты болсын!" – деп жазды блогер.

Жеңімпаз болған жас отбасы блогерлерге алғыс айтып, құттықтап жатқан барша халыққа алғыс айтты.

“Қаншама отбасымызға сынақтар беріп, сынағаннан кейін Алла үйіп-төгіп бере салды. Әуелі Алла одан кейін блогер Аида Серіковаға рақметімді айтамын. Ата-ана бауырларымыздың тілеген дұға тілектерінің арқасында баспаналы болғанымызға мың да бір шүкір. Барша тілекші болған жандарға жұғысты болсын деймін”, – деді жеңімпаз.