Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды

0
581

Бүгінгі өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты сынға алып, оның бұл ведомствоны басқара алмағанын айтқан еді.


Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды

Сапархан Омаров Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетсек, бүгінгі өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты сынға алып, оның бұл ведомствоны басқара алмағанын айтқан болатын.
«Ауа райының қолайсыздығынан Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жағдай күрделенді. Бір ғана Маңғыстауда жаппай қырылған малдың саны 3 мыңға жетті. Бір тонна шөптің орташа бағасы 23 мың теңге, ал кейбір аймақта 42 мың теңге болды. Бұл әкімдіктердің және АШМ тарапынан дұрыс шешімдер қабылданбағанын, жүйелі әрі нақты жұмыс атқармағынын көрсетеді. Бұл мәселенің бір жағы ғана. Министрлік шұғыл және батыл шешімдер қабылдауы керек еді. Бірақ министрлік бұл жұмысты тиімді атқара алған жоқ. Сондықтан осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаровтың отставкаға кеткені дұрыс деп есептеймін», - деді Мемлекет басшысы.
Осылайша Президент Үкімет пен әкімдіктер зиян шеккен фермерлерге қолдау көрсетуі үшін шұғыл түрде кешенді шаралар әзірлеуі тиіс екенін айтты.