Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен күріш дақылдарын егуді қысқартады

0
450

Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылы жалпы егіс алқабы 23,8 млн га құрайды.


Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен күріш дақылдарын егуді қысқартады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2024 жылы бидай, мақта және күріштің егістік алқаптары қысқарады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Министрдің айтуынша, облыс әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылы жалпы егіс алқабы 23,8 млн га құрайды.

"Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бидайдың егістік алқабы өткен жылмен салыстырғанда 426 мың гектарға қысқарып, 13,3 млн гектар болады. Тапсырма аясында су сыйымды дақылдарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, мақта алқаптарының 16 мың гектарға, күріш алқаптарының 12 мың гектарға азаюы болжануда", – деді Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар, министрлік майлы дақылдар алқабын 373 мың гектарға және жемшөп дақылдарын 66 мың гектарға ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы бүгінгі таңда егіс жұмыстары еліміздің кейбір өңірлерінде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жаппай егу науқаны мамырдың екінші онкүндігінде басталады.

"Көктемгі егіс жұмыстары кезіндегі ауа райы жағдайы маңызды мәселе болып табылады. "Қазгидрометтің" болжамды деректеріне сәйкес Республиканың үлкен аумағында ылғал қоры оңтайлы. Сондай – ақ, фермерлер ылғалды жабу жұмыстарын жүргізуде", - деді Айдарбек Сапаров.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлердің алдағы егіс науқанына қатысты алаңдаушылығына жауап берген болатын.