Ауыл шаруашылығы жануарларының кейбір түрлерін елден әкетуге шектеу енгізілді

0
644

Тиісті бұйрыққа ауылшаруашылығы министрі маусым айының басында қол қойған.


Ауыл шаруашылығы жануарларының кейбір түрлерін елден әкетуге шектеу енгізілді

ERNUR.KZ. Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының кейбір түрлерін әкетуге алты айға шектеу енгізілді, деп жазады sputnik.kz.

"23 маусымнан бастап 60 мың бас торпақ мөлшерінде тірі ірі қара малды, 120 мың бас еркек тоқты мөлшерінде тірі қой және ешкілерді Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты айға сандық шектеулер енгізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Құжатта торпақтар мен қошқарларды ветеринариялық сертификат болған кезде ғана Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат етілетіні аталып өткен.
Сонымен қатар 30 маусымнан бастап ірі қара малды және ұсақ малды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады.