Ауылға 26,7 млрд. теңге көлемінде несие беріледі

0
2 267

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несиелер әртүрлі мақсаттарға жылына 6% үстемемен беріледі. Несие өнiмiне байланысты қарыздың мерзiмi, сомасы, жеңілдетілген мерзімі өзгерiп тұрады.​


Ауылға 26,7 млрд. теңге көлемінде несие беріледі

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін шағын несиелеуді бастады.Осы мақсатта биыл Қор арқылы 26,7 млрд. теңге бағытталатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Несиелеу шарттарында тоқталатын болсақ, ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауары өндірушілерінің жобаларын іске асыруға бағытталған бірқатар ірі несие өнімдерін атап өтуге болады:

р/с

Несиелеу бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты

Сыйақы үстемесі, жылдық %

Несие мерзімі

Несие сомасы

1.

Игілік

- ІҚМ, ҰММ, жылқы, түйе, басқа да а/ш мал басы мен құстарды, бал араларын сатып алу;

- қарыз мөлшерінің 20 % аспайдын сомаға мал азық сатып алу

6,0%

78 айға дейін

4 млн. теңгеге дейін

2.

Сыбаға

- етті тұқымды жас мал алу үшін ІҚМ аналық мал басын, ұсақ мүйізмі малды сатып алу;

- негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу;

- айналымдық капиталды толықтыру

Қордың өз қаржысынан

14,0%,

оның 10,0% субсидияланады

180 айға дейін

ІҚМ - 40 млн. теңгеге дейін

ҰММ - 30 млн. теңгеге дейін

Нәтижелі жұмыспен қамту

4,0% - 6,0%

84 айға дейін

12 млн. теңгеге дейін

3.

Ынтымақ

Сервистік-дайындау және қайта өңдеу кооперативтерді құру және дамыту

6,0%

84 айға дейін

50 млн. теңгеге дейін

4.

Кәсіпкер

Ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес бизнес түрлерін ұйымдастыру және кеңейту

6,0%

60 айға дейін

6 млн. теңгеге дейін

5.

Ырыс

Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу және тауарлы сүт фермаларын құру/дамыту

6,0%

120 айға дейін

85 млн. теңгеге дейін

6

Бірлік

Сүт қабылдау бекеттері үшін техника мен құрал-жыбдықтарды сатып алу

6,0%

78 айға дейін

10 млн. теңгеге дейін

7.

Егінжай

Көктемгі егістік және күзгі жиын-терім жұмыстарды жүргізу үшін айналымдық капиталды толықтыруға АӨК субъектілерін несиелеу

6,0%

36 айға дейін

6 млн. теңгеге дейін


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несиелер әртүрлі мақсаттарға жылына 6% үстемемен беріледі. Несие өнiмiне байланысты қарыздың мерзiмi, сомасы, жеңілдетілген мерзімі өзгерiп тұрады.

Мысалы, «Игілік» бағдарламасы бойынша ірі қара және ұсақ мүйізді мал, түйе, жылқы, басқа да ауылшаруашылық жануарларды, құстар, бал араларын сатып алу қарастырылған. Бұдан басқа, несие сомасының 20%-ын мал азық сатып алуға болады. Егер қарыз алушы аналық мал басын сатып алатын болса, жануарлардың жасы 24 айдан 48 айға дейін болу керек, жасы 12 айдан асқан асыл тұқымды өндіруші-бұқа болуы керек немесе сатып алынуы керек, аналық малға міндетті ара-қатынасы 1: 25 болуы қажет. Жылқы өсіру және қой шаруашылығына арналған жобаларға да белгілі бір талаптар қойылады

Қарыз алушыда сатып алынатын және қолдағы мал басын ұстауға қажетті қоралары, құрылыстары болуы керек. Сондай-ақ,қажетті жемшөп, немесе оларды сатып алатын қолма-қол ақшасы болуы, немесе несие қаржысы қарастырылуы қажет. Жер учаскелері бойынша талаптар қойылмайды.