Республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтілетін болады.
ERNUR.KZ. ҚР ИжИДМ Көлік комитеті 2019 жылғы 21 мамырдан 31 тамызға дейін «Назар аударыңыздар, ауыр салмақты көлік!» акциясы өткізуде, деп жазады ҚазАқпарат.
«Көліктік бақылау органдары акция аясында 2019 жылғы 21 мамыр мен 30 маусым аралығында 19 605 автокөлік құралын тексеріп, Қазақстан Республикасының көліктік заңнамаларын бұзғаны үшін 390 құқық бұзушылық анықтады. Оның ішінде 344 бұзушылық Қазақстандық және 46-сы шетелдік тасымалдаушыларға қатысты. Соммасы 54,7 миллионнан астам тенге айыппұл салынып, жүріп өтуі үшін алым соммасы 24,6 миллионнан астам теңгені құрады», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан мәліметте.
Акцияның мақсаты Қазақстан аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына сәйкес ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың алдын-алуы мен ескеруді, сондай-ақ ауыр салмақты көлік құралдарымен жолдарға залал келтіруден сақтау болып табылатындығын атап кету қажет.
«Акция барысында республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтілетін болады. Сонымен қатар автомобиль жолдарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында Көлік комитетімен 2019 жылғы 27 сәуірден бастап жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында инертті жүк тасымалдайтын өзі аударғыш ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өту фактілері бойынша Ситуациялық орталықтың +77080880800 нөмірлі «Whats app» мессенджеріне халықтың белсенді бөлігі тарапынан бейне өтініштер қабылдау акциясы басталды. Келіп түскен барлық бейне өтініш бойынша Комитеттің аймақтық органдарымен әкімшілік сипаттағы шара қолданылуда. Акция басталғаннан бері «Whats app» мессенджерге 1 366 автокөлік құралдары тасымалдаушыларына қатысты бейне, фото өтініштер келіп түсті», - деп атап өтеді министрліктен.