Аузына топырақ толтырып, әжетханаға тастаған: 24 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

0
103

Қылмыскер сот үкімімен 22 жылға бас бостандығынан айырылды.


Аузына топырақ толтырып, әжетханаға тастаған: 24 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

фото: Рixabay/ThomasWolter

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 61 жастағы ер адам 24 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталды, деп жазады sputnik.kz.
Ол 2002 жылы Ақкөл қаласында адам өлтірген.
"37 жастағы сотталушы түнде үйіне жету үшін көлік тоқтатып тұрған 29 жастағы мас әйелмен кездескен. Оны ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытып, жергілікті стадионға алып барған", - дейді сот.
Жәбірленушінің денесіне темекі шоғын басып, зорлаған. Жазадан құтылу мақсатында оны өлтірген.
"Жәбірленушінің аузына шырша бүрлері мен топырақ толтырған. Кейін денесін көшедегі дәретханаға тастап, қылмыс болған жерден қашып кеткен. Сарапшының пікірінше, әйел тұншығып өлген", - дейді сот.
Қылмыскердің 24 жыл бұрын жасаған қылмысы дәлелденді. Сот үкімімен ол 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Жбірленушінің пайдасына 10 млн теңге моральдық өтемақы өндірілді.
Сондай-ақ сотталушы "алкогольді пайдалану салдарынан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылуларын" емдеу үшін жазасын өтейтін жерде мәжбүрлі түрде ем алады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.