Қазір оқиғаның мән-жайы мен себеб анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Павлодар облыстық Полиция департаменті куәгерлер туралы мәліметті жарияламауға және құпиялықты сақтауға кепілдік берілетінін айтты, деп жазады Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері Телеграм мессенджерінде автокөліктің адамды сүйретіп жүргені түсірілген видеоны анықтаған.
- Аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасында тіркелді. Бұл жайтқа қатысы бар адамдар мен куәгерлерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.