Автомобильмен мұнай өнімдерін шетке әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылмақ

0
551

Тыйым мерзімін ұзарту үшін "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрық әзірледі.


Автомобильмен мұнай өнімдерін шетке әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылмақ

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі мұнай өнімдері тапшылығының туындауына жол бермеу үшін бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826) автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салған болатын, деп жазады inbusiness.kz.

Енді салынған тыйым мерзімін ұзарту үшін "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрық әзірледі.

"Тыйым салу жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) әкетуге және автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген орнатылған бензин бактарында, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларына қолданылмайды",- деп жазылған министрлік хабарламасында.