Автовокзалдағы "митинг": Полиция видеоның авторын анықтады

0
1 042

​"Сайран" вокзалына жиналған халық митинг өткізіп жатқаны туралы ақпаратқа Алматы полициясы түсініктеме берді.


Автовокзалдағы

ERNUR.KZ. Алматы полициясы рұқсат етілмеген митинг өткізілгені туралы видеороликке түсініктеме берді. Автор не болып жатқанын түсінбей, әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқаны белгілі болды, деп жазады sputniknews.kz.


Бір күн бұрын әлеуметтік желіде Алматыдағы "Сайран" автовокзалы алаңының маңында көп адам жиналғаны туралы видео жарияланды.

Видео авторы кадр сыртында болып жатқан оқиғаға түсініктеме беріп, "ереуілді оқшаулауға әскери қызметкерлер келгенін" айтады.

"Аласапыран болып жатыр", - дейді видеоны түсірген адам.

Бұл дерекке Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.

"Бұл кеше, 14 мамырда болды. Бірақ ол ереуіл де, митинг те емес. Автовокзалға Қордайдан әскерден қайтарылған сарбаздар жеткізілді. Адамдардың көбісі оларды қарсы алған туыстары", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ол сондай-ақ жедел қызметкерлер әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан ер адамның кім екенін анықтағанын айтты. Қандай шара қолданылатыны оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілгеннен кейін белгілі болады.