Қазақстанның солтүстік өңірінде аяздың беті қайтады.
"Қазгидромет" орталығы мамандары 22-24 желтоқсанда арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Қарағанды облысының аумағындағы антициклон аязды ауа райын сақтай отырып, Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Орталығы Скандинавия үстінде орналасқан циклон тек солтүстік аймақтарға жылжиды. Сондықтан мұнда қарлы боран, желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі», - делінген хабарламада.