Құтқарушылар баланы анасына тапсырды.
фото: Бейнежазбадан
ERNUR.KZ. Алматы қаласының тауларындағы Аюсай шатқалында 2019 жылы туған қыз ата-анасынан адасып қалған, деп жазады inbusiness.kz.
Таулы аймақты патрульдеу кезінде ТЖД құтқарушылары баланы тауып алды. Осы уақытта қыздың ата-анасы оның жанында жоқ екенін байқап, "112" қызметіне хабарласқан.
Құтқарушылар қызды анасына аман-есен тапсырды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.


