Азаматтарды өз денсаулығын қорғауды кейінге қалдырмауға шақырамыз - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

0
180

Қазақстан жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындалуда.


Азаматтарды өз денсаулығын қорғауды кейінге қалдырмауға шақырамыз - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

ERNUR.KZ. 22 тамызда санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы қаулыға қол қойылды. Құжат инфекциялардың таралуын болдырмауға бағытталған бірқатар шараны қамтиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Қаулы мына тетіктерді қамтиды:

  • медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы жаппай иммундауды жүргізуге дайындығы (кіре берісте «фильтрлердің» жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы);
  • тұмау және ЖРВИ жұқтырған пациенттерді қабылдау үшін жағдай жасау (ЖРВИ, тұмау және COVID-19 көріністері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларды үйге шақыруға бірінші кезекте қызмет көрсету);
  • мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгіні өткізу, ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар балаларды шеттету.

Сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында:

  • бір инкубациялық кезең ішінде сынып санынан 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылардың ЖРВИ ауруы жағдайларын бір сыныпта тіркеу кезінде жалпы білім беретін ұйымдарда оқытудың кабинеттік жүйесі жойылады және күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады;
  • бір инкубациялық кезең ішінде науқастардың жалпы саны 30% және одан көп ЖРВИ ауруы тіркелген жағдайда оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады;
  • зертханалардың тұмауға және басқа респираторлық инфекцияларға зерттеулер жүргізуге дайындығы.

Спикердің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес алдағы эпидемиологиялық маусымда тұмау вирусының үш штамы өзекті болады: A (H1N1), A (H3N2) және B. Бұл штамдар ағымдағы маусымдағы вакцина құрамына енгізілген. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде халықтың неғұрлым осал топтарын қорғау үшін Бірыңғай дистрибьютор «Гриппол плюс» вакцинасының 2,1 млн дозасын сатып алды. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен вакциналау азаматтардың мынадай санаттарына жүргізіледі:

  • динамикалық бақылауда тұрған балаларға;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
  • қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің тұлғаларына;
  • мүгедектігі бар адамдарға;
  • медицина қызметкерлеріне.
«Сондай-ақ вакциналау ерікті негізде инфекция қаупі жоғары адамдарға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Қазірдің өзінде халықты арасында вакциналау жүргізілуде және біз азаматтарды өз денсаулығын қорғауды кейінге қалдырмауға шақырамыз», — деді Сархат Бейсенова.