Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,1% құрады

0
1 487


Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,1% құрады

2018 жылғы қаңтар-сәуірде 2017 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ҰЭМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Тамақ өнімдері, сусындар, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, фармацевтикалық өнімдер, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндірісі өсті. Сонымен бірге, көмір және лигниттің өндірісі қысқарды, темекі өнімдері және өзге де көлік құралдарын жасау төмендеді.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.

Өнеркәсіптік өндіріс индекстері

2018 жылғы қаңтар-сәурдегі жекелеген өнім түрлерінің өндірісі

Өндірілгені

2017 жылғы қаңтар-сәуірге пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна

29,9

105,9

мыс кендері, млн.тонна

32,6

104,9

ұн, млн.тонна

1,5

124,1

бензин, млн.тонна

1,1

110,4

газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна

1,4

99,7

портландцемент, млн. тонна

2,3

119,9

жазық илек, млн. тонна

1,0

111,9

тазартылған мыс, млн. тонна

0,1

99,4

электр энергиясы, млрд.кВт.сағ.

38,2

108,1