Қазақстандағы транспорттық компаниялар алаяқтардың кесірінен миллиондаған шығынға батып жүр

0
1 448

Ұрлық жүк тасымалын ұйымдастыру сайтының көмегімен әшкереленді.


Қазақстандағы транспорттық компаниялар алаяқтардың кесірінен миллиондаған шығынға батып жүр

ERNUR.KZ. Қазақстандық бірнеше жүк тасымалдаушы комнапия ірі аляқтық туралы бірлескен мәлімдеме жасады. Алаяқтар қымбат бағалы жүкті ұрлауды жолға қойып алған. Компания өкілдерінің сөзінше, келтірілген шығын жүздеген миллион теңге, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алматыда өткен баспасөз конференциясы кезіндеTranz.kz фирмасы өкілі Жомарт Есентүгелов мәлімдегендей, алаяқтық туралы ашық мәлімдеген жеті компания шеккен зардап тек ақпан айының өзінде 120 млн теңге шамасында. Бұл орайда, Жомарт Есентүгелов шын мәнінде қымбат жүкті жымқыру ауқымы 200-300 млн. теңге дегенді айтады. Тек мұны барлық компаниялар жария ете бермейді.

Компания өкілдерінің айтуынша, ұрлықты fafa.kz жүк тасымалын ұйымдастыру сайты арқылы анықтаған. Әдетте алаяқтар бір тәсілді қолданады және оны әшкерелеуге болады.

«Жүк және транспорт туралы интернет-алаңдарды пайдаланып, ресми тұлға ретінде тіркеледі де, алаяқтар сим-карталар сатып алып, (біз 200-ге жуық нөмірді анықтадық) жүкті ұрлауға кіріседі. Әдетте, жүкті алаяқтың шартына көнетін адал компаниялар тасымалдайды. Олар жүкті жіберушінің қоймасына келіп, қабылдап алады. Осыдан кейін алаяқтар оны түсіріп алу үшін көлікті өзі белгілеген орынға бағыттайды да телефонын сөндіріп тастайды», — дейді талдықорғандық «ПрогрессВторресурсы» ЖШС-іөкілі Виталий Шмаков.

Алаяқтардың назарына ілігетін жүк әр түрлі: кофе, жаңғақтан бастап мыс кабельдер мен сыра кегаларына дейін. Басты шарты - ұрланған жүктік құны 10 млн. теңгеден кем болмауы тиіс. Компания өкілдері қандай да бір себептермен құқыққорғау органдары бұл алаяқтық желіні тергеуге құлықсыз. Сөйтіп, қымбат жүкті ұрлау бүгінге дейін жалғасып келе жатқанын айтады.

«Өз күшімізбен жүкті тасымалдаған жүргізушілерді табамыз, куәгерлер бар, — деп жалғастырды Жомарт Есентүгелов. — бұл жүктің қайда жіберілгенін де табуға болады. Ұрлық мөлшері ауқымды болғандықтан «неге тергеу кезінде бұл істер бұзылады не тоқтап қалады ?» деген күдік те бар».

Компания өкілдері алаяқтардың ұсталуын талап етіп ҚР ІІМ, ҰҚК мен Бас прокуратураға ашық мәлімдеме дайындамақ.

дерекөз: kapital.kz