"Интерфакс" агенттігі ұшуды бақылау орталығына сілтеме жасап, ғарыш кемесі жоспар бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады – кеме орбитаға кіріп, батареялары ашылған.
ERNUR.KZ. Бүгін, 15 наурызда түнгі сағат 00.14-те, Байқоңырдан "Союз МС-12" ғарыш кемесі бар ресейлік "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ұшырылды, деп жазады azattyq.org.
Кеме бортында Халықаралық ғарыш станциясына бағыт алған ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен NASA-ның екі астронавты – Ник Хейг мен Кристина Кох бар. Ғарыш станциясымен түйісу 15 наурызға жоспарланған.
3-2-1… LIFTOFF!