Фестиваль аясында екі күн бойы суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері, жәрмеңкелер, гастрономиялық алаңдар жұмыс істеді.
фото: Астана қаласының әкімдігі
"Еліміздің әр өңірінен және Ресей Федерациясынан келген 59 қымыз өндіруші "Үздік қымыз өндіруші" атағы үшін сынға түсті. Фестиваль аясында екі күн бойы этноауылдар, суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері, жәрмеңкелер, гастрономиялық алаңдар жұмыс істеді", - делінген хабарламада.
BaiQymyz-2026 аясындағы басты оқиғалардың бірі – ASIA KOKPAR LEAGUE және ER QANATY ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық ат спорты шоуы. Бағдарламаға жылқы шеруі, көкпар, шөген, аударыспақ жарыстары, жауынгерлік аттардың көрсетілімі, кәсіби шабандоздардың өнері және ат үстіндегі квиддич енгізілген.
Ең көп күтілген шаралардың бірі – BaiQymyz Qoshaqan балалар родеосы болса, фестивальдің екінші күні жас шабандоздар арасында конкурс жарысы өтті. Кешке фестиваль қонақтарына арнап қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт болды.


