"Бәйтерек" холдингі БЖЗҚ-дан 500 миллиард теңге зейнетақы жинақтарын алады

0
643

Қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және бөлінген қаражаттың игерілуі Қазақстан Республикасының үкіметі деңгейінде бақыланады.


ERNUR.KZ. БЖЗҚ зейнетақы активтерін 500 млрд теңге жалпы сомада "Бәйтерек" ҰБХ" облигацияларына нарық талаптарымен инвестициялауды жоспарлап отыр, деп жазады stan.kz.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тартқан қаражатты машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларды кредиттеуге бағыттайды", - делінген Ұлттық банк ұсынған ақпаратта.

Қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және бөлінген қаражаттың игерілуі Қазақстан Республикасының үкіметі деңгейінде бақыланады.

БЖЗҚ зейнетақы активтері "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға нарықтық кірістілік бойынша қайтарымды негізде беріледі. Жоғарыда аталған инвестициялар БЖЗҚ салымшыларына жыл сайын инвестициялық табыс әкеледі, сондай-ақ Қазақстан экономикасының нақты секторын одан әрі дамыту мен жаңғыртуға елеулі қолдау көрсетеді.

"Бәйтерек" холдингі – кешенді даму институты және оның құрамына 7 еншілес ұйым кіреді: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Отбасы банкі" Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Даму" ФРП" АҚ, "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ, "Kazakh Export" ЭСК" АҚ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – Қазақстан экономикасын орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін институт. Холдингтің қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі тікелей бақылайды.