Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті.
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында «БАҚ туралы» жаңа заң әзірленіп, келесі жылдың соңына дейін қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту мәселелері бойынша саяси реформалардың жетінші бағытын іске асыру үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жеке Заң жобасын әзірлейді», - дейді Мусин.
Мусиннің сөзіне сенсек, Президенттің тапсырмасына орай, жаңа заң қоғамның сұранысы мен медианың дамуындағы үрдістерді ескеріп, қазіргі БАҚ туралы заң қайта қаралады.
«Заң жобасы 2023 жылдың соңына дейін қабылданады деген жоспар бар», - деп хабарлады Мусин.