Ұлттық қордан бала шотына бөлінетін ақшаны қадағалайтын бірыңғай қаржы операторы белгілі болды.
ERNUR.KZ. Жоба 2024-ші жылдан бастап іске қосылуы мүмкін, деп жазады exk.kz.
18 жасқа дейін әр баланың шотына Ұлттық қордан аударылатын ақша мәселесі Үкіметте қозғалды. Экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың сөзіне сүйенсек, қазір бұл қаржыны қадағалайтын бірыңғай оператор белгіленген. Яғни шот операторы ретінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" жұмыс істейді.
"Ұлттық қор — балалар үшін" бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленуде. 18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады. Оларға қаражат жыл сайын түсіп отырады, деді вице-министр.
Сонымен қатар, Тимур Жақсылықов бұл қаражатты әр бала тек кәмелет жасына толғаннан кейін ғана өз қажетіне пайдалана алатынына тоқталды.


