Петропавлда перзентхана жабылатын болды

0
1 620

«Жүкті әйелдер көбіне патологиямен түседі, оның барлығы перинатальдық орталыққа жатқызылатын. Жоспар бойынша жылына 3000 әйел босану қажет, бірақ 1200 әйел ғана босанады. Яғни, бала туу көрсеткіші өте аз.


Петропавлда перзентхана жабылатын болды

Петропавл қаласында дәрігерлер жетіспейді. Соның салдарынан 3-ші қалалық аурухананың перзентхана бөлімі жабылатын болды, - деп хабарлайды kaz.karavan.kz Петропавл облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Қаладағы жүкті әйелдер енді облыстық перинаталдық орталыққа барып босанатын болады.

«Жүкті әйелдер көбіне патологиямен түседі, оның барлығы перинатальдық орталыққа жатқызылатын. Жоспар бойынша жылына 3000 әйел босану қажет, бірақ 1200 әйел ғана босанады. Яғни, бала туу көрсеткіші өте аз. Сондай-ақ, бұл ауруханада балалардың реанимациялық бөлімі де жоқ. Гинеколог, неонтолог мамандары ғана жұмыс істейді. Тіптен жаңа туған сәбилердің анализдеріне дейін сол перинатальды орталықта жасайтын болған. Анығын айтқанда, қалалық аурухана өз функциясын дұрыс атқармады, сондай-ақ, өз дәрігерлері болмаған», - дейді басқарма басшысының орынбасары Дәуренбек Бейсембаев.

Оның айтуынша, перзентхана облыс бюджетіне тек шығын келтірген екен. Былтырдың өзінде орталыққа 19 миллион теңге жұмсалыпты. Ал, оның негізгі жұмыстарын облыстық перинаталдық орталық атқарып келген.