Балабақшаларда мемлекеттік туды ілу міндеттелмек

0
895

Көк ту ұдайы ілініп тұруы тиіс мекемелер белгілі болды.


Балабақшаларда мемлекеттік туды ілу міндеттелмек

ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрлігі Мемлекеттік Туды пайдалану туралы ережежерге өзгерістер әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, ұйымдардың ғимараттарында және мекеме басшыларының кабинеттерiнде Мемлекеттік Ту ұдайы ілініп тұруы тиіс.

Бұл ереже мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына да қатысты. Сондай-ақ жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде де Мемлекеттік Туды ілу міндеттелмек.

Құжатпен Мемлекеттік Туды қорлау фактілері де айқындалды. Оған физикалық түрде залал келтіру (жырту, жағу, өртеу, қасақана жерге тастау, таптау, қоқысқа лақтыру), коллаждар жасау арқылы мемлекеттік туды қорлау, тыйым салынған және мақсатқа сай емес жерлерде пайдалану, әлеуметтік желілерді қоса алғанда Мемлекеттік Туды көпшілік алдында мазақ ету, балағаттау жатады.

"Жеке тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлігінде, балкондарда) Мемлекеттік Ту көлбеу түрде (45 градустан көп болмауға тиіс) орналастыруға рұқсат етіледі. Қазақстанның Мемлекеттік Туын қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар жалаулары, мөрлері және таңбаларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды.

Жеке тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (3 метрден төмен емес биіктікте) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ту (1 х 2 метр өлшеммен) орналастырылады", - делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Құжатты жария талқылау 27 қыркүйекке дейін жалғасады.