Балалар әкесінен айырылып, 25 млн теңгені жоғалтқан: Өтемақы сот арқылы қайтарылды

0
129

​Ақтөбеде әкесінен айырылған балалардың 25 млн теңге өтемақысын әжесі жұмсап жіберген.


Балалар әкесінен айырылып, 25 млн теңгені жоғалтқан: Өтемақы сот арқылы қайтарылды

ERNUR.KZ. 2021 жылы Ақтөбеде үш бала әкесінен айырылды. Ер адам өндірісте жарақат алып қайтыс болған. Ал жұмыс беруші отбасына зиянды өтеу ретінде 25 млн теңге төледі. Алайда мүгедектігі бар ана мен кәмелетке толмаған балаларға арналған қаражат оларға жетпеген, деп жазады baq.kz.

Прокуратура мәліметінше, барлық соманы балалардың әжесі алған. 25 млн теңгені ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Нәтижесінде асыраушысынан айырылған отбасы ана мен үш балаға қалуы тиіс өтемақыдан да қағылған.

Бірнеше жыл өткен соң бұл жағдайға Ақтөбе прокуратурасы араласты. Қадағалау органы отбасының мүліктік құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгініп, барлық соманы қайтаруды талап етті.

2026 жылғы 25 мамырда Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап арызды қанағаттандырды. Балалардың әжесінен 25 млн теңге өндіріп алынды.

Шешім заңды күшіне енді. Өтемақы 2021 жылы әкесінен айырылған мүгедектігі бар ана мен үш кәмелетке толмаған балаға қайтарылды.