1-сыныпқа келетін балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады.
ERNUR.KZ. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ алаңында өткен брифингте 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа келетін балалардың құжатын қабылдау басталатынын айтты, деп жазады baq.kz.
1-сыныпқа келетін балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады.
Мектеп 6 жасар және осы жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды, - деді ол.
Құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мектепке қабылдау барысында білім беру ұйымдарына, мектептерге оқуға қабылдау қағидаттарына сәйкес емес құжаттарды талап етуіне болмайды. Тек қана 4 құжат тапсырылады, - деп айтты Каринова брифингте.
1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар талап етіледі:
- Ата-ананың өтініші;
- Оқушының жеке басының куәлігі;
- Медициналық паспорты;
- Фотосурет.
Ата-аналар осы көрсетілген құжаттарды портал арқылы тапсырып, балаларын келесі оқу жылына дайындауға мүмкіндіктері бар.
Министрліктің мәліметінше, 2021-2022 оқу жылы республика бойынша 1-сыныпқа келетін балалардың болжамды саны 340 мыңнан аса баланы құрайды.
Еске сала кетейік, IV тоқсанда оқу эпидахуалға байланысты жалғасады.
Вице-министр атап өткендей, IV тоқсан форматына ауысқан кезде «бір оқушы-бір кабинет» принципі сақталып, оқушылардың саны әр сыныпта 25-тен аспауы қарастырылған. Әр сабақ 40 минуттан болады.