«Балаңыз қатты дуаланған»: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

0
73

​Полиция тұрғындарды сақ болуға және алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырады.


«Балаңыз қатты дуаланған»: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Соңғы уақытта интернетте өзін «емші», «көріпкел» немесе «балгер» ретінде таныстырып, азаматтарға «балаңыз қатты дуаланған» деп айтып, оны «емдеп, дуаны қайтаруды» ақылы түрде ұсынатын алаяқтық әрекеттер жиілеген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен алаңдаушылығын пайдаланып, оларды алдауға тырысады. Әдетте олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы хабарласып, түрлі «белгілерді» айтып, жағдайдың өте күрделі екеніне сендіреді. Кейін «емдеу», «дуаны қайтару» немесе «қажетті заттарды сатып алу» деген сылтаумен ақша аударуды сұрайды.

Полиция ескертеді:

  • интернеттегі бейтаныс адамдардың «емдеп жазу», «көз тиюден арылту» туралы уәделеріне сенбеңіз;
  • таныс емес адамдардың есепшоттарына ақша аудармаңыз;
  • жеке деректеріңізді, банк карталарының деректемелерін және SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге хабарламаңыз;
  • қорқыныш пен дүрбелеңге бой алдырмай, алынған ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы тексеріңіз;
  • күмәнді жағдайға тап болсаңыз, хат алмасу тарихын және ақша аударылғаны туралы түбіртектерді сақтап қойыңыз.
«Есте сақтаңыз: алаяқтар адамдардың сенімін, қорқынышы мен алаңдаушылығын пайдаланады. Егер сізден осындай жолмен ақша талап етсе немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, бұл туралы дереу «102» нөміріне хабарлаңыз», – делінген ІІМ хабарламасында.