Прокуратура қылмыс арасында кемі бес ай өткен деген қорытындыға келіп отыр.
Фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Атырау облысының прокуратурасы Жангелді ауданында болған қанды оқиғаға қатысты тың мәлімет таратты: құзырлы орган күдіктінің есі дұрыс екенін анықтаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Атырау облысының прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев балдызы балдызы Наурыз Мұқанғалиевті мамырда, ал, қайын атасы мен қайын енесін және тағы бір балдызын қараша айында өлтірген.
Осы деректерді жазған жергілікті «Ақжайық» басылымы сот-медициналық сараптаманың қорытындысын да ұсынған.
«Тергеудің мәліметі бойынша Сұлтан Сәрсемәлиев бұл қылмыстарды жалғыз өзі жасаған. Ешкіммен сөз байласпаған. Сот-психиатриялық сараптама оның есі дұрыс екенін және әрекеттеріне жауап бере алатынын анықтады», - деп жазады басылым.
Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек «Ақжайық» басылымына мынандай мәлімет айтқан:
«Қаза тапқандардың денесінен пышақтың іздері табылды. Әрқайсысы кемі алты немесе одан да көп жарақат алған. Күдікті олардың кеудесін, мойнын және өзге де маңызды органдарын пышақтаған».
Ад, күдіктінің әйелі Ақбаян Мұқанғалиевтің психикасына жасалған сараптама әлі дайын емес.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың желтоқсан айында полицияға 66 жастағы ер адамның, 64 жастағы әйелдің, сондай-ақ олардың балалары - 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түсті. Туыстарының айтуынша, отбасы қараша айынан бері байланысқа шықпаған. Төртеуі де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеуге жарияланды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу тобы құрылған.


