Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді

0
406

Осыған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.


Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді

ERNUR.KZ. Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см-ге көтерілді. Айта кетейік, трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр, деп жазады inform.kz.

Осыған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді.

Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді.

«Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте: Сарышаған, Қарақұм, Балқаш және Мыңарал бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.