Балқашта әйел 5 жасар баласымен бірге жоғалып кетті

0
517

Әйел 5 жасар баласын балабақшадан алып кету үшін 6 мамырда үйден шығып кеткен, бірақ қайта оралмаған.


Балқашта әйел 5 жасар баласымен бірге жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Полиция Балқаш қаласында жоғалып кеткен 27 жастағы келіншек пен оның бес жасар ұлын іздеп жатыр, деп жазады nur.kz.

Жергілікті полиция бөліміне 27 жастағы Венера Исенбаева мен 5 жасар ұлының жоғалғаны туралы 13 мамыр күні хабарланған. Құқық қорғау органдарына Балқаш тұрғынының әпкесі жүгінген.

Әпкесінің айтуынша, әйел 5 жасар баласын балабақшадан алып кету үшін 6 мамырда үйден шығып кеткен, бірақ қайта оралмаған. Онымен бірге бала да із-түссіз жоғалып кетті.

"Жоғалған әйел медициналық мекемеге тіркелген және бұрын үйден кетіп қалған жағдайлар болған. Өзінде ұялы телефоны жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінен бес іздеу тобы құрылып, жоғалып кеткен әйел мен оның бес жасар ұлын іздеп жатыр", – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.