Банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді сұрамайды

0
341

Маман пікірінше қазір кең таралған интернет алаяқтықытың әдістері бар.


Банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді сұрамайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай айтты, деп жазады baq.kz.

Банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді хабарлауды сұрамайтынын және телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді. Министрлік осындай қылмыстардың алдын алуға және ашуға бағытталған шаралар жүргізуде. Банктермен бірлесіп азаматтардың шоттарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз кредиттерді ресімдеудің жолын кесу, оның ішінде полициямен жедел өзара іс-қимыл бойынша қосымша шаралар іске асырылуда, - деді ол.

Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін іске асыру барысында 2023 жылдың соңында тек Астана қаласында 4 алаяқтық Call-орталық анықталғанын айтты. Олардың қызметкерлері тек жақын және алыс шетелдердің байланыс операторларының нөмірлеріне қоңырау шалғаны анықталған.

Маман пікірінше қазір кең таралған интернет алаяқтықытың әдістері бар. Ол банктердің, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің атынан телефон қоңыраулары. Қазір шетелден жасалған қоңырауларды тасымалдаушылар таниды және бұғаттайды. Осылайша, жүйенің жұмыс істеу кезеңінде 44 миллионнан астам осындай қоңыраулар тоқтатылған.

Алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа жолдарын іздеуді жалғастыруда.Қазір шетелдік нөмірлерден және "Ватсап" арқылы қоңырау шалу арқылы жасалған алаяқтықтар тіркелуде. Осылайша, ағымдағы жылы 1 мыңға жуық қылмыс жасалды. Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін азаматтар ақшаны шоттан немесе депозиттен қауіпсіз «сақтандыру» шотына аударуға көндіреді, олкейіннен ұрланған ақшаны одан әрі аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыруүшін қолданылады, - деді спикер.

Сондай-ақ адамдар өз шоттарына қолжетімділікті өздері береді. Олар өздері несие рәсімдейді немесе телефонға ұашыұтан қол жеткізу үшін қосымшаларды орнатқан.