Банктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді – Мемлекет басшысы

0
739

Банк жүйесі – қаржы нарығының аса маңызды бөлігі. Банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мемлекет те, бизнес өкілдері де, қарапайым салымшылар да мүдделі.


Банктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді – Мемлекет басшысы

ERNUR.KZ. Банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мемлекет те, бизнес өкіл­дері де, қарапайым салымшылар да мүд­делі. Сондықтан банктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Банк жүйесі – қаржы нарығының аса маңызды бөлігі. Банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мемлекет те, бизнес өкіл­дері де, қарапайым салымшылар да мүд­делі. Сондықтан банктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді. Бұл – ұлт­тық экономиканы көтермелеудің бір жолы. Қазір банктердің үздіксіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік бар. Депозиттерге кепілдік беретін қор да тұрақты жұмыс істеуде. Бұл ахуалды Ұлттық банк ба­қылап отыр. Сондықтан салымшы­лардың қара­жа­тына ешқандай қатер төніп тұрған жоқ», - деді Президент.

Қ.Тоқаев атап өткендей, төтенше жағдай кезінде екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік-эконо­ми­калық ахуалдың тұрақтануына өз үлесін қосты деп айтуға болады.

«Ең алдымен, банктер кәсіпкерлерге және азаматтарға берген несиені қайтару мерзімін кейінге ауыстырды. Нақты айтқанда, несие төлемдері 3 айға шегерілді. Табысынан айырылғандарға мұндай көмек қажет. Бірақ жұртшылық арасында несиені мүлдем қайтармаймыз деген түсінік қалыптаспауы керек. Бұл – жаңсақ пікір. Сондай-ақ Үкіметтің қатысуымен шағын және орта бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несие беру бағдарламасы әзірленді. Егер банктер кәсіпкерлерге, азаматтарға несие беруді тоқтатса, экономиканың көптеген саласы тұралап қалады. Біз бұған жол бермейміз. Менің тапсырмам бойынша Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін қосымша шаралар қарастыруда», - деді Мемлекет басшысы.