Барлық құжатты ауыстырудың қажеті жоқ: Қазақстандықтар тегі мен есімін қандай жағдайда өзгерте алады

0
1 092

жасы 16-ға толмаған балалар үшін олардың ата-анасы өтініш білдіруі тиіс.


Барлық құжатты ауыстырудың қажеті жоқ: Қазақстандықтар тегі мен есімін қандай жағдайда өзгерте алады

Қазақстандықтар аты мен тегін ауыстыру үшін бірнеше себеп келтіруі шарт. Ал өтінішті кез келген тіркеуші органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына беру және электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жібере алады, деп жазады Stan.kz.


Азаматтары аты, тегі, әкесінің атын оғаш естілген, оны айтуға қиындық тудырған, құжатта қалыптасқан атынан бөлек, өмірде жиі айтылатын аты болған, жұбайы қайтыс болған, жынысы хирургиялық жолмен өзгерген жағдайда ғана ауыстыруға құқылы. Сонымен қатар іс жүзінде тәрбиеленген адамның тегіне өтуге шешім қабылдаған жағдайда аты-жөнін өзгерте алады.


Егер тегі, аты немесе әкесінің атын ауыстырса, туу туралы куәлік немесе неке қию, неке бұзу туралы куәліктерді қайта алады. Ал жасы 16-ға толмаған балалар үшін олардың ата-анасы өтініш білдіруі тиіс.


“Жеке басын куәландыратын құжатты өзгертуі керек бір айдың көлемі ішінде көші-қон полициясына барып. Және жүргізуші куәлігін ауыстыруы қажет. Ал аттестат, дипломды ауыстырудың қажеті жоқ. Оған АХАЖ органына барып аты-жөнін өзгерткені жөнінде тегін анықтама алып барса жеткілікті”, – деді Алматы қаласы әділет департаментінің бас маманы Жанар Бейсенова.