«Барселонаны ұтқандай мәз»: қазақстандықтар «Реал Мадридтің» парақшасына «шабуыл» жасады

0
100

​Оқырман әзіл-шыны аралас пікірлер жазған.


«Барселонаны ұтқандай мәз»: қазақстандықтар «Реал Мадридтің» парақшасына «шабуыл» жасады

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Алматының Орталық стадионында Қазақстан үшін тарихи матч өтті. «Реал» командасынан 0:5 есебімен ұтылған «Қайратты» жанкүйерлері бәрі бір асқақтатып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Instagram парақшасында 178 млн оқырманы бар «Реал Мадридтің» ресми парақшасы кеше белсенді болды. Олар екі команданың кездесуі басталғанынан бастап 14 фото-видео жүктеген. Ең қызығы олардың астына жазған пікірлердің барлығы қазақ тілінде. Қазақстандықтар бір ойыннан осынша контент жүктеген испан командасына күдікпен қарап, әзіл-шыны аралас пікір жазған.

«Құдды Барселонаны ұтқандай көп сурет жүктепті. Яғни, олар үшін бізді жеңу абырой болған ғой», - деп жазған қазақстандықтардың көбі.

Сондай-ақ олар «Қайраттың» есесін әлі Барселона қайтарады деп «Реалға» сәтсіздік тілеп жатыр.

«Барселона сабаларыңа түсіреді. Ыстамбұлда ұстап алсам, аямаймын. Өлгенше пост салғаны несі. Бізге келіп 40 сурет салып, «охват» өсірдіңдер. Бір гол өткізсеңдер болады ғой. Бұлар фото салып шаршамайды, біз пікір жазып шаршамаймыз. Мыналар мақтаншақ екен. Сендерді қонақ деп жеңіле салдық. Louis Vuitton-дарыңды көтеріп үйлеріңе қайтыңдар», - дейді «Қайратты» қолдаған жанкүйерлер.