Бұған дейін бұл қызметті Марат Ахметжанов атқарған болатын.
Шындалиев Әсет ҚР Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Әсет Қазақбайұлы Шындалиев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін бұл қызметті Марат Ахметжанов атқарған болатын. Қазір Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті басқарады.