Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі пайда болады

0
1 134

Халыққа арнаған бүгінгі жолдауында мемлекет басшысы нарықтық бәсекелестік мәселесіне ерекше тоқталды.


Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі пайда болады

Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігін құруды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Президентке тікелей қарасты Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырамын. Тең бәсекелестікті дамытуда экономиканы мемлекет иелігінен шығару маңызды рөл атқарады. Орталық мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен холдингтердің меншігінде 7 мыңға жуық ұлттық нысан бар. Бірақ «Мемлекеттің шаруаны жақсы жүргізе алмайтыны» аксиомаға айналған тәрізді», - деді Президент.