Депутаттық корпус барлық бастамаларды жедел түрде тиісті заңдармен қамтамасыз ету жұмысына кірісті.
ERNUR.KZ. 2 ай ішінде халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған бағдарламалар қабылданады, деп жазады 24.kz.
Бұл ретте депутаттық корпус барлық бастамаларды жедел түрде тиісті заңдармен қамтамасыз ету жұмысына кірісті. Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин осыған мән берді.
Парламентке келіп түскен кезек күттірмес заң жобаларының бірі тұрғын үй саясатына байланысты. Құжатта екінші деңгейлі нарықтағы жалдамалы баспананы әлеуметтік әлсіз топтарға субсидия есебінен беру тетігі қарастырылады.
Банкротқа ұшыраған жеке тұлғалардың банк алдындағы несие қарызын жеңілдетуге бағытталған құжат та халық қалаулыларының талқысына салынбақ. Бұл ретте Мәжіліс төрағасы депутаттар заңдарды қабылдау кезінде тек Үкіметпен ғана емес, азаматтық қоғам және сарапшылармен де қоян-қолтық жұмыс істеу керектігін айтты.