Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 2%-тік ипотека беру жалғасады

0
747

​Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдан бастап 49,3 миллиард теңгеге 4955 қарыз берген. 2%-пен арзан ипотека биыл да беріледі.


Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 2%-тік ипотека беру жалғасады

ERNUR.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі биыл да азаматтардың кейбір санатына жылдық 2%-пен арзан ипотека береді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы жылы 49 миллиард теңге есебінен көпбалалы отбасыларға, толық емес жанұяларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2%-пен жеңілдетілген қарыз беруді жалғастырады. 5 мың азамат баспана жағдайын жақсартады", - деді Өскенбаев үкімет отырысында.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2019 жылдан бастап 49,3 миллиард теңгеге 4955 қарыз берген.

Айта кетсек, биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 15 миллион шаршы метр немесе 150 мың тұрғын үй салу жоспарланған.

Мемлекеттік инвестиция есебінен әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік 38 300 пәтер (2,2 миллион шаршы метр) сатып алынады және салынады.