Судья мүрделерді бейнежазбаға түсіруге рұқсат етілмейтінін айтты.
Фото: sn.kz
ERNUR.KZ. Атырауда қайын жұртын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтті, деп жазады inbusiness.kz.
Сотта бейнежазба көрсетілді.
"Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің мәйітін тану кезінде түсірілген бейнежазбаны көріп отыр. Тергеу барысында марқұмның басы денесінен бөлініп қалғаны белгілі болды. Бейнекадрлардан бұл жағдай анық көрінеді. Судья Зарема Хамидуллина мүрделерді бейнежазбаға түсіруге рұқсат етілмейтінін айтты", – деп жазды журналист Алмас Қабдол Instagram парақшасында.
Айта кету керек, бұған дейін Сұлтан Сәрсемалиевтің ломбардқа 2 алтын сақинаны өткізген видео сотта көрсетілгенін жазғанбыз.


