Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық үшін күдікке ілінді

0
558

Ол 11,6 млн теңге көлемінде пара алған деген күдікке ілінді.


Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық үшін күдікке ілінді

ERNUR.KZ. М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық үшін күдікке ілінді.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасын әшкереледі.
Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.