Батыс Қазақстанда қатты жел ғимараттар мен көпқабатты үйлердің шатырын ұшырып әкетті

0
636

Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетті.


Батыс Қазақстанда қатты жел ғимараттар мен көпқабатты үйлердің шатырын ұшырып әкетті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында күшті жел ғимараттар мен көпқабатты үйлердің шатырын ұшырып әкетті, деп жазады sputnik.kz.

7 шілде күні "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының мәліметі бойынша желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетті.
Салдарынан Тасқала ауданы Тасқала ауылында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық электр торабы подстанциясының шатыры сыпырылып түсті.
"Сондай-ақ Орал қаласында Б.Жұмағалиев көшесі 15-мекенжайында үш қабатты тұрғын үй, осы көше бойында "Колесникова" ЖК пельмен цехы, Алаш көшесі 57-мекенжайда салынып жатқан үш қабатты үйдің шатыры жұлынды. Қазіргі кезде ақпарат нақтыланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде", - делінген хабарламада.