Батыс Қазақстанда оқушылар топтасып қыз зорлады деген күдікке ілінді

0
503

Күдікке ілінген балалар бұрын қылмыс жасағаны үшін есепте тұрған.


Батыс Қазақстанда оқушылар топтасып қыз зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақсан облысында 4 оқушы топтасып, 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға осы жылдың 12 маусымында түнгі сағат 01.00 шамасында болған.

«2006 және 2007 жылы туған төрт кәмелетке толмаған бозбала Орал қаласындағы жалдамалы пәтерде 2010 жылы туған жасөспірімді зорлаған», - деп жазылған хабарламада.

Күдікке ілінген балалар бұрын қылмыс жасағаны үшін есепте тұрған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа ақпарат жария етілмейді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, облыста кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау фактісі артқан. 2022 жылы оқушылар 96 қылмыс жасаса, биыл небәрі үш айда 48 қылмыс тіркелген.