Батыс Қазақстанда өзін-өзі атып алған полицей ауруханада қайтыс болды

0
546

Ол ауруханаға жеткізілгенде жағдайы ауыр болған.


Батыс Қазақстанда өзін-өзі атып алған полицей ауруханада қайтыс болды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында өзін қарумен жаралап алған полицей қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Ол ауруханаға жеткізілгенде жағдайы ауыр болған. Оған дереу ота жасалған.
"2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқасқа шұғыл операция жасалды. 26 маусымнан 27 маусымға қараған түні сағат 00.00-де есін жимастан қайтыс болды", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Оқиға 24 маусымда болған. Пугачев көшесі, 45 мекенжайдағы полиция департаментінің бақылау пункті ғимаратында полиция маманы өзін атып алған. Жедел жәрдемге таңғы сағат 07.41-де шақырту түскен.