Батыс Қазақстандағы орман өртін сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды

0
105

Авиация көмегімен жалпы көлемі 68 тонна су төгілді.


Батыс Қазақстандағы орман өртін сөндіруге екі тікұшақ жұмылдырылды

фото: Пресс-служба МЧС Казахстана

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысындағы Орал орман шаруашылығы аумағында шыққан табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Әуеден өртті сөндіруге ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазавиаорманқорғау" РМК тікұшақтары жұмылдырылған.
"Өртті сөндіру жұмыстарын екпінді жел қиындатып отыр. Соған қарамастан, бөлімшелер өртті толық сөндіру бойынша қажетті жұмыстарды жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Өртті ауыздықтауға 80-ге жуық адам, 10 бірлік жерүсті техникасы және 2 тікұшақ тартылған. Авиация көмегімен жалпы көлемі 68 тонна суды құрайтын 46 рет су төгу жұмыстары жүргізілді.